Жаңалықтар

Банкроттық рәсімдерін қолданған жеке тұлғаларға қандай салдарға тап болады

2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Бұл дегеніміз, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Банкроттық туралы заң рәсімдердің үш түрін қарастырады – ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бұл рәсімдерді тек қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар:

  • 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
  • олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;
  • олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.

Банкротқа ұшырау арқылы азамат өзінің несиелік рейтингін төмендететінін әркім түсінуі керек және барлық артықшылықтар мен кемшіліктер өлшенуі қажет, яғни банкроттық туралы шешімді ойланып барып қана қабылдау керек.

Соттан тыс банкроттық, қарызды реттеу тәртібі дегеніміз не?

Соттан тыс банкроттық,бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);
  2. қарыз 12 ай ішінде өтелмеген;
  3. мүлік жоқ;
  4. қарыздар бойынша банкпен реттеу рәсімі жүргізілген.

Сонымен қатар, заңда ерекше жағдайлар қарастырылған:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін (12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды);

– берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді).

Қарызды реттеу тәртібі дегеніміз не?

2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдарына таралады.

Реттеу тәртібі келесі әрекеттерге сәйкес іске асырылады:

Мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күннің ішінде қарыз бойынша мәселені шешу үшін банкке және/немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуге тиіс.

Жалпы, бұл процедура туралы толығырақ ақпаратты Агенттікке «1459» нөмірі бойынша call-орталық немесе «Fingramotalline» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Соттан тыс банкроттық рәсімі Мемлекеттік кірістер органдарымен (аудандық бақармаларымен) жүргізілетін болады.

Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электрондық нысанда береді.

Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады.

Қазіргі уақытта тестіленіп жатқан ақпараттық жүйе арқылы борышкердің қажетті критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан, мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

Сот банкроттығы – банкроттық рәсімдерінің екінші түрі

 Сот банкроттығы, азаматтар қырызы 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы – 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.

Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

Бірақ мұнда да өзінің нюанстары бар. Кредитор борышкердің жалғыз тұрғын үйін сот банкроттығы барысында ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана алып қоюға құқылы.

Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.

Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.

Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян бойынша қарыздар, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептеншығарылмайды.

 Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына:

  • Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң кеңесшілері;
  • Аудиторлар кіреді.

Олардың қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақы (2023 жылы бұл 70 мың теңге).

Мүлкі жоқ әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, яғни тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтінрәсім.Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызбен ғана сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл рәсімнің артықшылығы ол – одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button